ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ » Қайрат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайрат негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
15
июль
2023

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ҚАЙРАТ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
1. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2. Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қайрат ауылы,
Түркпен көшесі № 4 үй, почталық индекс 040411, БСН/ЖСН 9408400005097
3. Телефон: 8 (727-75) 2-75-64, электронды почта — nsshkayrat@mail.ru
Мектеп сайты: http://kairat-enkaz.mektebi.kz
4. Мектеп директоры: Сарымбаева Назгул Дуйсеновна, ұялы телефоны: 87051967662,
05 қаңтар 2021 жыл № 75 ж/қ
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы жарғысына сәйкес Алматы облысы білім басқармасының мемлекеттік қайта тіркеуінен өткен. «Алматы облысының білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілген.
6. «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қайрат ауылы Түркпен көшесі № 4 ғимаратта орналасқан. 100 орындық, 1 қабатты бейімделген жобада салынған мектеп ғимараты 1994 жылы іске қосылған. Мектеп ғимараты сұйық отынмен қамтылған. Сынып бөлмелері жарық әрі жылы. Мектеп ауласы талапқа сай қоршалған. Мектепте медициналық қызметке байланысты медициналық бөлме жоқ. Спорт зал — жоқ. Мектеп бір ауысымда, бес күндік жұмыс аптасына негізделіп жұмыс жасайды. І ауысымда — 73 оқушы, МАД тобында — 5 оқушы білім алуда. Мектептегі сыныптар саны — 9. Сабақтар бойынша сабақтың ұзақтығы 45 минут, 1-сыныптарда — 35 минут. Қазіргі таңда білім алушылардың саны — 73, мектепалды даярлық топта 5 оқушы білім алуда. Барлығы: 78.
«Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3 әдістемелік пән бірлестігі бар. Олар: гуманитарлық пәндер бірлестігі, жаратылыстану пәндер бірлестігі және бастауыш сынып пән бірлестігі. Бастауыш сынып пән бірлестігінде 5 мұғалім, гуманитарлық пәндер бірлестігінде 5 мұғалім, жаратылыстану пәндер бірлестігінде 7 мұғалім жұмыс істейді. Жыл басында өткен оқу жылының есебі талдау жасалып көрсетілген. Мұғалімдердің сандық, сапалық құрамы пән бірлестіктер бойынша жасалған. Педагог қызметкерлердің санаты, өтілі, жасы бойынша мониторинг жасалған.
«Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша педагог қызметкерлерінің 2019-2024 жылдар аралығында біліктілігін арттыру курстарына жіберу бағытындығы перспективалық жоспары жасалып, бекітілген. Кесте бойынша педагог қызметкерлер біліктілік арттыру курстарынан өткен, сертификаттарының көшірмелері жинақталған. Мектеп әкімшілігі құрамының қызметтік еңбек бөлінісі жасалып, бекітілген.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау
өлшемшарттары
1. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:

1) Білім беру ұйымының 2022-2023 оқу жылдарына арналған жылдық жұмыс жоспарлары МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жасалған, жоспарға сәйкес жұмыстар толық жүргізілген.
2022-2023 оқу жылындағы тақырыбы: «Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда заман талабына сай білім беруді ақпараттандыруарқылы функционалды сауатты, тәрбиелі, жеке тұлға қалыптастыру»
Мақсаты: Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық педагогикалық әдіс- тәсілдерді мүмкіндігіне сай қолдану.
Міндеттері:
— Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке
тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
— Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы білім беру сапасын
арттыру;
— Оқушылардың сапалы білім алуға қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамыту,
ақпараттық технологиялармен, техникалық нысандар көмегімен оқушылардың
көмегімен
өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу қабілетін жүзеге асыру;
— Бәсекеге қабілетті мәдениетті, құзырлы, шығармашылық қабілеттеріне сенімді,
ұлтжанды,
адамгершілік қасиеттері жоғары ұрпақ етіп тәрбиелеу;
— Білім беруді басқаруды одан әрі ізгілендіру және демократияландыру.

МЖМБС талаптары орындалып, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса берілді.

2) Білім беру ұйымының басшысы бекіткен жұмыстық оқу жоспарлары мен сабақ кестелері 2022-2023 оқу жылдары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі — ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкес жасалған.
Білім беру қызметіне орай жоспарлар жасалған. ҚР білім беруді дамытудың
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай мектептің алдағы атқарылатын жұмыс жоспары бекітілген. Оқу-тәрбие жоспары кіріспені, ҚР «Білім туралы» Заңды іске асыруды, оқу үдерісін іске асыруды, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды, педагог кадрлармен жұмысты, мектепішілік бақылауды, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруды қамтиды. Жұмыстық оқу жоспарында педагогикалық қызметкерлерге апталық оқу жүктемелері берілген. Жоспар бойынша мақсат міндеттер айқындалған.
Сабақ кестелері жасалып бекітілген. Кестеде аптадағы өтілетін пәннің атауы мен мерзімі, сыныбы көрсетілген. Сабақ кестесі жұмыстық оқу жоспарына сәйкес жасалған. Мектептегі білім беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізілген. Педагогтар апталық жүктемелерді орындаған.

Кадр құрамы
Мектепте білім беретін педагогтар штаттық, апталық жүктемелер негізінде қамтамасыз етілген. Жеке құрам бойынша бұйрықпен қабылданған педагогтар рәсімделген.

№ Аты-жөні (толық) Туған жылы, айы, күні Бітірген оқу орны. Диплом бойынша мамандығы № Қызметі, сабақ беретін пәні Пед.
өтілі Санаты
1 Сарымбаева Назгул Дуйсеновна 20.11.1972 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, 1999 ж. Директор, биология пәнінің мұғалімі 28 ж. Педагог-сарапшы
2 Ербекеева Асель Баккалиевна 08.12.1982 ж. Есік педагогикалық колледжі, 2001 ж.



Евразия технологиялық университеті, 2014 ж. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, көркем еңбек пәнінің мұғалімі 21 ж. Бірінші
3 Касымбекова Айжан Биримтаевна 16.05.1985 ж. «Алматы» Университеті, 2014 ж. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі 16 ж. Педагог-сарапшы
4 Тасанова Гульжазира Манкеевна 08.04.1974 ж. Қазақ мпемлекеттік қыздар педагогика институты, 2004 ж.

Алматы үздіксіз білім беру университеті, 2013 ж. Психолог, география пәнінің мұғалімі 18 ж, 9 ай Педагог-сарапшы
5 Сарымбаев Ербол Дуйсенович 22.05.1971 ж Есік педагогикалық училищесі, 1990 ж

Абай атындағы Алматы университеті, 2007 ж Көркем еңбек, тарих пәнінің мұғалімі 26 ж Педагог-сарапшы
6 Оралбайкызы Салтанат 12.12.1973 ж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, 2005 ж Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 26 ж Педагог-сарапшы
7 Ербекеева Анар Баккалиевна 14.03.1979 ж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 2014 ж Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 22 ж Педагог-сарапшы
8 Абирова Гульвира Куандыковна 07.08.1969 ж Есік педагогикалық колледжі, 2000 ж

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2007 ж Бастауыш сынып мұғалімі 25 ж Педагог-сарапшы
9 Мырзағали Гүлнұр Жамбылқызы 12.04.1993 ж Халықаралық Тараз инновациялық институты, 2021 ж Бастауыш сынып мұғалімі 8 ж Педагог-модератор
10 Догдорхан Айжан 07.05.1994 ж Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2016 ж Бастауыш сынып мұғалімі 6 ж Педагог-модератор
11 Карабалина Дана Канатовна 17.04.1986 ж Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2009 ж

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 2018 ж Химия, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 14 ж Педагог-модератор
12 Жамбыл Қайсар Қанатұлы 06.06.1994 ж КМҚК «М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледж, әқ»ң ж Информатика пәнінің мұғалімі 5 ж Педагог-модератор
13 Сырайл Ермек Болатұлы 03.03.1994 ж Есік гуманитпарлық-экономикалық колледжі, 2014 ж Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6 ж Педагог-модератор
14 Мазанова Еркежан Айтказиновна Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Педагог-модератор
15 Жакашбаева Гульнар Мажитовна 08.07.1964 ж Еңбек Қызыл Ту Орденді қазақ педагогикалық институты, 1985 ж Математика, физика пәнінің мұ,ғалімі 37 ж -
16 Мухтарова Баян Мухтаровна 01.01.2000 ж Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университері, 2021 ж Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 3 ж -
17 Хамит Мөлдір Серікқызы 16.05.1991 ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорла мемлекеттік университеті, 2013 ж Математика пәнінің мұғалімі 2 ж -


Декреттік демалыста отырған педагогтар:

№ Аты-жөні (толық) Туған жылы, айы, күні Бітірген оқу орны. Диплом бойынша мамандығы № Қызметі, сабақ беретін пәні Пед.
өтілі Санаты
1 Абитаева Анар Аиповна 11.04.1983 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетті, 2014 ж Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі декрет Педагог-сарапшы

2022-2023 оқу жылының қаңтар айында информатика пәнінің мұғалімі \қоса атқарушы\ Жамбыл Қайсар Қанатұлы өз өтініші бойынша жұмыстар босатылып, орнына \қоса атқарушы\ Өсерхан Аманжол информатика пәнінің мұғалімі ретінде қабылданды.

Кадрлардың сапалық және сандық құрамы

4) «Педагог-зерттеуші» - жоқ, «педагог-сарапшы» - 7, «педагог-модератор» - 5, жоғары – жоқ, І санатта - 1 , ІІ санатта – 1, педагог - 3.
Мектепте педагогтар еңбек өтіліне орай біліктілік арттыру курсынан өткен. Біліктілік арттыруға іс-шара жоспары жасалып, есепке алынып, білім жетілдіруге мүмкіндік жасалған.

р/с Аты-жөні Біліктілік арттыру
курстарынан өтуі
Цифрлық құзыреттілік
Пәні бойынша Пед. тех.
б-ша Қызметі
б-ша
1 Сарымбаева Назгул Дуйсеновна 2020 2021 2021
2 Ербекеева Асель Баккалиевна 2018 2021
3 Касымбекова Айжан Биримтаевна 2020 2021
4 Тасанова Гульжазира Манкеевна 2018 2021
5 Сарымбаев Ербол Дуйсенович 2018 2021
6 Оралбайкызы Салтанат 2017 2021
7 Ербекеева Анар Баккалиевна 2021 2021
8 Абирова Гульвира Куандыковна 2020 2021
9 Мырзағали Гүлнұр Жамбылқызы 2023 2021
10 Догдорхан Айжан 2020 2021
11 Карабалина Дана Канатовна 2022 2021
12 Жамбыл Қайсар Қанатұлы 2020 2021
13 Сырайл Ермек Болатұлы 2021 2021
14 Мазанова Еркежан Айтказиновна 2023 2021
15 Жакашбаева Гульнар Мажитовна 2022 2021
16 Мухтарова Баян Мухтаровна 2020 2021
17 Абитаева Анар Аиповна 2019 2021
18 Хамит Мөлдір Серікқызы - 2021

Мамандардың білім жетілдіру курстарынан уақтылы өтуінің 5 жылдық перспективалық жоспары жасалған. Мектепте барлығы 17 (1 бала күтімі демалысында) мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде білім жетілдіру курстарынан өткен мұғалімдердің сандық мәліметі кестеде көрсетілген.
2022-2023 оқу жылында мектептегі барлық мұғалімдер саны -17 (1 мұғалім бала күтімінде) мұғалім. Солардың ішінде 1 кітапханашы, 1 психолог, 1 әлеуметтік педагог. Олардан бастауыш сынып мұғалімдері -5, 5-9 сыныпта -13 мұғалім. 15 әйел, 2-ер мұғалім мектепте жұмыс жасайды. Педагог қызметкерлердің орташа жасы – 37 жас.

«Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
2022-2023 оқу жылындағы оқу жоспары
5-6 жастағы балалармен мектепалды даярлықты жүзеге асыратын жұмыс жоспары


№ р/с *Ұйымдастырылған іс-әрекет/балалар әрекеті Аптасына өткізілу жиілігі Аптадағы нормативтік жүктеме Пән мұғалімі
1 Дене шынықтыру 3 Абитаева А.А.
Дене шынықтыру күн сайын
2 Сөйлеуді дамыту 2 Абитаева А.А.
Тілдік қарым-қатынас күн сайын
Көркем әдебиет 2 Абитаева А.А.
Тілдік қарым-қатынас күн сайын
Қазақ тілі 2 Абитаева А.А.
Қазақ тілі күн сайын
3 Сауат ашу негіздері 3 Абитаева А.А.
Тілдік қарым-қатынас, танымдық әрекет күн сайын
4 Математика негіздері 3
Абитаева А.А.
Танымдық, зерттеу әрекеттері күн сайын
5 Қоршаған ортамен танысу 2 Абитаева А.А.
Тілдік қарым-қатынас, танымдық, зерттеу әрекеттері, еңбекке баулу күн сайын
6 Сурет салу
0,25
0,25
0,25
0,25 Абитаева А.А.
Мүсіндеу Абитаева А.А.
Жапсыру Абитаева А.А.
Құрастыру Абитаева А.А.
7 Шығармашылық әрекет, бейнелеу күн сайын
Музыка 2 Абитаева А.А.
Музыка күн сайын
8 - 20

1-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат сағат Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 6
1 Әліппе, Ана тілі 6 Касымбекова А.Б.
2 Орыс тілі -
3 Шетел тілі -
ІІ Математика және информатика 4,5
4 Математика 4 Касымбекова А.Б.
5 Цифрлық сауаттылық 0,5 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 1
6 Жаратылыстану 1 Касымбекова А.Б.
ІV Адам және қоғам 1
7 Дүниетану 1 Касымбекова А.Б.
8 Өзін-өзі тану -
V Технология және өнер 3
9 Көркем еңбек -
10 Бейнелеу өнері 1 Ербекеева Асель Б.
11 Еңбекке баулу 1 Ербекеева Асель Б.
12 Музыка 1 Касымбекова А.Б.
VІ Дене шынықтыру 3
13 Дене шынықтыру 3 Карабалина Д.К.
Инварианттық оқу жүктемесі 18,5
Вариативтік компонент

«Ғажайып математика әлемі» 1 Касымбекова А.Б.
Вариативтік оқу жүктемесі 1 -
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 19,5 -
2-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 4 Догдорхан А.
2 Әдебиеттік оқу 3 Догдорхан А.
3 Орыс тілі 2 Догдорхан А.
4 Шетел тілі 2 Мухтарова А.Б.
ІІ Математика және информатика 5
5 Математика 4 Догдорхан А.
6 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 1
6 Жаратылыстану 1 Догдорхан А.
ІV Адам және қоғам» 1
7 Дүниетану 1 Догдорхан А.
8 Өзін-өзі тану - -
V Технология және өнер 2
9 Көркем еңбек 1 Ербекеева Асель Б.
10 Музыка 1 Ербекеева Асель Б.
VІ Дене шынықтыру 3
11 Дене шынықтыру 3 Карабалина Д.К.
Инварианттық оқу жүктемесі 23
Вариативтік компонент

«Математика және логика» 1 Догдорхан А.
Вариативтік оқу жүктемесі 1
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 24

3-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 4 Абирова Г.К.
2 Әдебиеттік оқу 3 Абирова Г.К.
3 Орыс тілі 2 Ербекеева Анар Б.
4 Шетел тілі 2 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика 5 Абирова Г.К.
6 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 2
6 Жаратылыстану 2 Абирова Г.К.
ІV Адам және қоғам» 1
7 Дүниетану 1 Абирова Г.К.
8 Өзін-өзі тану - -
V Технология және өнер 2
9 Көркем еңбек 1 Ербекеева Асель Б.
10 Музыка 1 Ербекеева Асель Б.
VІ Дене шынықтыру 3
11 Дене шынықтыру 3 Карабалина Д.К.
Инварианттық оқу жүктемесі 25
Вариативтік компонент

«Қызықты математика» 1 Абирова Г.К.
Вариативтік оқу жүктемесі 1
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 26

4-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 4 Мырзағали Г.Ж.
2 Әдебиеттік оқу 3 Мырзағали Г.Ж.
3 Орыс тілі 2 Ербекеева Анар Б.
4 Шетел тілі 2 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика 5 Мырзағали Г.Ж.
6 Цифрлық сауаттылық 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 2
6 Жаратылыстану 2 Мырзағали Г.Ж.
ІV Адам және қоғам 1
7 Дүниетану 1 Мырзағали Г.Ж.
8 Өзін-өзі тану - -
V Технология және өнер 2
9 Көркем еңбек 1 Ербекеева Асель Б.
10 Музыка 1 Ербекеева Асель Б.
VІ Дене шынықтыру 3
11 Дене шынықтыру 3 Карабалина Д.К.
Инварианттық оқу жүктемесі 25
Вариативтік компонент

«Ғажайып математика» 1 Мырзағали Г.Ж.
Вариативтік оқу жүктемесі 1
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 26

5-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 3 Оралбайқызы С.
2 Қазақ әдебиеті 2 Оралбайкызы С.
3 Орыс тілі мен әдебиеті 3 Ербекеева Анар Б.
4 Шетел тілі 3 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика 5 Жакашбаева Г.Ж.
6 Алгебра -
7 Геометрия -
8 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 2
9 Жаратылыстану 2 Сарымбаева Н.Д.
10 Физика -
11 Химия -
12 Биология -
13 География -
ІV Адам және қоғам 3
14 Қазақстан тарихы 2 Сарымбаев Е.Д.
15 Дүниежүзі тарихы 1 Сарымбаев Е.Д.
16 Құқық негіздері -
17 Өзін-өзі тану -
V Технология және өнер 3
18 Музыка 1 Ербекеева Асель Б.
19 Көркем еңбек 2 Ербекеева Асель Б.
VІ Дене шынықтыру 3
20 Дене шынықтыру 3 Сырайл Е.Б.
Инварианттық оқу жүктемесі 28
Вариативтік компонент

Жаhандық құзыреттілік 0,5 Сырайл Е.Б.
Элективті курстар -
Вариативтік оқу жүктемесі 0,5
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 28,5

6-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 3 Оралбайкызы С.
2 Қазақ әдебиеті 2 Оралбайкызы С.
3 Орыс тілі мен әдебиеті 3 Ербекеева Анар Б.
4 Шетел тілі 3 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика 5 Хамит М.С.
6 Алгебра -
7 Геометрия -
8 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 2
9 Жаратылыстану 2 Тасанова Г.М.
10 Физика -
11 Химия -
12 Биология -
13 География -
ІV Адам және қоғам 3
14 Қазақстан тарихы 2 Сарымбаев Е.Д.
15 Дүниежүзі тарихы 1 Сарымбаев Е.Д.
16 Құқық негіздері -
17 Өзін-өзі тану - -
V Технология және өнер 3
18 Музыка 1 Ербекеева Асель Б
19 Көркем еңбек 2 Ербекеева Асель Б
VІ Дене шынықтыру 3
20 Дене шынықтыру 3 Сырайл Е.Б.
Инварианттық оқу жүктемесі 28
Вариативтік компонент

Жаhандық құзыреттілік 0,5 Сырайл Е.Б.
Элективті курстар -
Вариативтік оқу жүктемесі 0,5
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 28,5

7-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 3 Оралбайкызы С.
2 Қазақ әдебиеті 2 Оралбайкызы С.
3 Орыс тілі мен әдебиеті 3 Ербекеева Анар Б.
4 Шетел тілі 3 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика -
6 Алгебра 3 Жакашбаева Г.М.
7 Геометрия 2 Жакашбаева Г.М.
8 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 7
9 Жаратылыстану -
10 Физика 2 Жакашбаева Г.М.
11 Химия 1 Карабалина Д.К.
12 Биология 2 Сарымбаева Н.Д.
13 География 2 Тасанова Г.М.
ІV Адам және қоғам 3
14 Қазақстан тарихы 2 Сарымбаев Е.Д.
15 Дүниежүзі тарихы 1 Сарымбаев Е.Д.
16 Құқық негіздері -
17 Өзін-өзі тану - -
V Технология және өнер 1
18 Музыка - Ербекеева Асель Б.
19 Көркем еңбек 1 Сарымбаев Е.Д.
VІ Дене шынықтыру 3
20 Дене шынықтыру 3 Сырайл Е.Б.
Инварианттық оқу жүктемесі 31
Вариативтік компонент

Жаhандық құзыреттілік 0,5 Ербекеева Асель Б.
Элективті курстар -
Вариативтік оқу жүктемесі 0,5
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 31,5
8-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 2 Оралбайкызы С.
2 Қазақ әдебиеті 3 Оралбайкызы С.
3 Орыс тілі мен әдебиеті 3 Ербекеева Анар Б.
4 Шетел тілі 3 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика -
6 Алгебра 3 Хамит М.С.
7 Геометрия 2 Хамит М.С.
8 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 8
9 Жаратылыстану -
10 Физика 2 Жакашбаева Г.М.
11 Химия 2 Карабалина Д.К.
12 Биология 2 Сарымбаева Н.Д.
13 География 2 Тасанова Г.М.
ІV Адам және қоғам 3
14 Қазақстан тарихы 2 Сарымбаев Е.Д.
15 Дүниежүзі тарихы 1 Сарымбаев Е.Д.
16 Құқық негіздері -
17 Өзін-өзі тану -
V Технология және өнер 1
18 Музыка -
19 Көркем еңбек 1 Сарымбаев Е.Д.
VІ Дене шынықтыру 3
20 Дене шынықтыру 3 Сырайл Е.Б.
Инварианттық оқу жүктемесі 32
Вариативтік компонент

Жаhандық құзыреттілік 0,5 Ербекеева Асель Б.
Элективті курстар -
Вариативтік оқу жүктемесі 0,5
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 32,5

9-сыныптың жұмыс жоспары

№ Оқу пәндері Апталық сағат саны Пән мұғалімі
І Тіл және әдебиет 11
1 Қазақ тілі 2 Оралбайкызы С.
2 Қазақ әдебиеті 3 Оралбайкызы С.
3 Орыс тілі мен әдебиеті 3 Ербекеева А.Б.
4 Шетел тілі 3 Мухтарова Б.М.
ІІ Математика және информатика 6
5 Математика -
6 Алгебра 3 Хамит М.С.
7 Геометрия 2 Хамит М.С.
8 Информатика 1 Жамбыл Қ.Қ.
ІІІ Жаратылыстану 8
9 Жаратылыстану -
10 Физика 2 Жакашбаева Г.М.
11 Химия 2 Карабалина Д.К.
12 Биология 2 Сарымбаева Н.Д.
13 География 2 Тасанова Г.М.
ІV Адам және қоғам 4
14 Қазақстан тарихы 2 Сарымбаев Е.Д.
15 Дүниежүзі тарихы 1 Сарымбаев Е.Д.
16 Құқық негіздері 1 Сарымбаев Е.Д.
17 Өзін-өзі тану -
V Технология және өнер 1
18 Музыка -
19 Көркем еңбек 1 Сарымбаев Е.Д.
VІ Дене шынықтыру 3
20 Дене шынықтыру 3 Сырайл Е.Б.
Инварианттық оқу жүктемесі 33
Вариативтік компонент

Жаhандық құзыреттілік 1 Сарымбаев Е.Д.
Элективті курстар -
Вариативтік оқу жүктемесі 1
Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі 34

Бағалаланатын кезеңге жұмыстық оқу жоспарлары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса берілді.
3. Инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұны 2022-2023 оқу жылдары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес игерілген.

Білім беру ұйымы бойынша оқушылардың контингенті қалыптастырылған. Білім алушылардың қозғалысы есепке алынып, сыныптарда орналастырылған. Биылғы оқу жылын 71 оқушымен бастап жыл соңын 68 оқушымен аяқтадық. Жыл ішінде келген, кеткен оқушылар болды.

Білім алушылардың жалпы саны.

Жыл Сынып саны Оқушы саны

2022-2023 9 68

Оқу сыныптарының толымдылығы; Сынып сыйымдылығы – 100

Жыл Сынып саны Оқушы саны Оқушылар саны
1-4 кл 5-9 кл 10-11 кл
2022-2023 9 68 28 40 0




2022-2023 оқу жылдардағы білім сапасы

2022-2023
оқу жылы
Үлгерім 100%
Сапа 61,1%

Оқу-тәрбие үдерісі әдістемелік қамтамасыз етілген. Бағдарлама бойынша
апталық жүктемелер сабақ кестесінде қамтылған. Кесте тұрақты түрде жүргізіліп, орындалған. Бекітілген сабақтар 1 ауысым бойынша жүргізілген.
Вариативті және инвариантты бөлігіндегі сабақтар толық қамтылған. Бағдарламалар толық орындалған.

5) 2022-2023 оқу жылдары білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысының жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді игеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеу бағытында, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына дарытуға әр оқу жылдарында жаңалықтар мен өзгерістерге сәйкес тәрбие жұмыстары қарқынды жұмыс жасауда. Оқушылар білім алумен қатар өз белсенділігі мен қоғамдық санасын жаңғыртуға жан жақты шыңдалып, нәтижелі жетістіктер мен оң өзгерістердің жемісін көрсетіп келеді.

Оқу - тәрбиелік жұмыс
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты,моральдық тазалықты,дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасыдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Осы мақсаттылықты басшылыққа ала отырып, сегіз бағыт бойынша жыл ішінде жүйелі түрде жұмыстар атқарылды.
Педагогикалық кеңесте сынып жетекшілері тағайындалған. Сынып жетекшілер тәрбиелік жұмыстарға байланысты 8 бағыт бойынша жоспарлау жұмыстарын жүргізіп, мақсат міндеттерін айқындаған. Сыныптар бойынша жетекшілер бекітілген.
№ Сынып жетекшілердің аты жөні сыныбы ауысымы қолы
1 Касымбекова Айжан Биримтаевна 1-сынып І ауысым
2 Догдорхан Айжан 2-сынып І ауысым
3 Абирова Гульвира Биримтаевна 3-сынып І ауысым
4 Мырзағали Гүлнұр Жамбылқызы 4-сынып І ауысым
5 Мухтарова Баян Мухтаровна 5-сынып І ауысым
6 Мазанова Еркежан Айтказиновна 6-сынып І ауысым
7 Оралбайкызы Салтанат 7-сынып І ауысым
8 Сырайл Ермек Болатұлы 8-сынып І ауысым
9 Ербекеева Анар Баккалиева 9-сынып І ауысым

Мектепте барлығы 68 оқушы бар. Барлық сынып комплектісі -9, бастауыш сынып комплектісі –4. 5-9 сынып комплектісі –5. Оларда 9 сынып жетекшісі жетекшілік жасайды. Тәрбие жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен толық жинақталған. Білім жүйесіндегі ақпараттық хабарлармен қамтамасыз етіле отырып, жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Тәрбие саласындағы мамандар ақпараттық газет-журналдарға жазылған, әлеуметтік желілерде мектеп фейсбук, инстаграм парақшаларында тәрбие бағытында жүргізілген жұмыстар және мақалалары мен ашық сабақтары жариялап, қаралымдар саны өз деңгейінде. Саитқа тәрбие жұмыстарының коллаждары мен видеоматериалдары, атқарылған жаңалықтардың барлығы жіберілген. Сынып жетекшілігі бойынша ғылыми деңгейін көтеру өз деңгейінде жолға қойылған. Тәрбие сағаттары кестеге сәйкес жүргізіліп отыр. Мектепішілік іс шаралар жоспарға сәйкес атқарыла отырып, материалдары желілерге жинақталып отыр.
Жалпы ата аналармен мектепішілік ғылыми-практикалық семинарлар, тоқсан сайын жиналыстар өткізіліп отыр. «Отбасы құндылықтары» тренинг, «Шаттықа толы жүректен» тақырыбында ата аналармен жиналыс өткізілген. Мектепішілік іс-шара жоспары жасалып, бекітілген. Әр түрлі құқық бұзушылық алдын алу тақырыбында мектепішілік семинарлар іс-шаралар өткізіп, баяндамалар оқылған. «Құқық және ата-ана мен бала,мұғалім» мектепішілік семинары, «Бақытыңды балаңнан ізде» атты ата-ана, оқушы, мұғалім арасында тренинг ұйымдастырылған. «Жасөспірімдер арасында аутодиструктивті мінез құлық ерекшеліктері» тақырыбында тақырыбында тренинг, «Қауіпсіз интернет» тақырыбында дөңгелек үстел, «Сіздің балаңыздың қызығушылғы» тақырыбында пікірлесу сағаты, «Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап, бірін ал» тақырыбында оқушылармен мектеп психологі дөңгелек үстел өткізді. Ата-аналардың мектептегі барлық іс-шараларға қатысып отыруы жолға қойылған. Ата-анамен жұмыс жақсы деңгейде қалыптасқан. Діни экстримизмнің алдын-алу шараларын жүргізуге байланысты жоспар жасалаған. Онда барлық сыныптарға тәрбие сағаттары қойылып, жасөспірімдер арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері жайлы жан-жақты насихат жұмыстары, сауалнама жүргізілген. Экстремистік діни ағымға тартқаны үшін мемлекет алдындағы жауапкершілікті түсіндіру барлық сыныптарда, ата-аналар жиналыстарында талданған. Осыған байданысты мектеп инспекторы Абирова Гульвира мектепте ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Тарих пән мұғалімі Сарымбаев Ербол оқушыламен дөңгелек үстел, пікірлесу сағаттарын ұйымдастырып отырды.
Нашақорлыққа қарсы күрес мәдениет қалыптастыру мақсатында жоспарға сәйкес іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру және тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына сай бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар, мектеп оқушыларының пәндік үйірме, спорттық секцияларға оқушылардың қамтылуы, жолда жүру ережесін сақтау, салауатты өмір салты жұмыстарының сандық көрсеткіші көрсетілген.
Функциональдық міндеттеріне байланысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан педогог-психологтар мен сынып жетекшілер, жыл бойы атқарылған жұмыстары жинақталып жүргізілген.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді:
1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
2. Рухани-танымдық тәрбие.
3. Ұлттық тәрбие.
4. Отбасылық тәрбие.
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігін арттыру мақсатында «Мектеп Парламентін сайлау» науқаны өткізілді. Сайлауға 5-9-сынып оқушыларының белсенді, көшбасшы оқушылары қатысты. «Мектеп парламенті» мүшелігіне 7-9-сынып оқушыларынан көшбасшы мен мүшелері жасақталып, атқарылған іс-шараларының фото, видео есебі арнайы инстаграм, фейсбук парақшаларына жүктелуде.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен құқығын қорғау мәселесінде «Жылда дәстүрлі түрде 5-9- сынып оқушылары арасында сайлау алды жұмыстар жүргізіліп, көшбасшылық қабілеті бар оқушылары сайланып, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып келеді. «Мектеп парламентінің» өзін-өзі басқару ұйымымен бірлескен «Өмір неткен керемет, мен өмірді сүйемін» атты мектепішілік тренинг , «Сыбайлас жемқорлыққа қврсымыз» тақырыбында баянда аясында дөңгелек үстел, «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат, «Ел ертеңі жастар» ой бөлісу сайысы өткізілді.
«Мектеп парламенті» ұйымының оқушылары «Ұстазыңды құттықта...» атты видео ұйымдастырды. Видеода мектеп түлектері белсенді қатысып, ұстаздарға мерекелік құттықтауларын жолдады.
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі аясында мектепішілік «Жас ұлан» бірлестігі жұмыс атқаруда. «Жас қыран» ұйымында жүргізілген жұмыстары жинақталған.

5. Білім алушылардың 2022-20023 оқу жылдары рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандары ұйымдастырылып отырды.
Білім алушыларға рухани – адамгершілік, көркем-эстетикалық бағытта тәрбие беру, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту мақсатында, қоғамдық-саяси сауатын күшейту бағытында мектеп жанынан қоғамдық негізде жұмыс істейтін секция ашылып, жұмыс жүргізіліп келеді. Оқушы өзін дамытуда салауатты өмірді ұстанып, көркемдік тұрғыдан жетілдіріп, рухани байытуға сабақтан тыс уақыттарда шұғылдануына барлық мүмкіндіктерді жан жақты оңтайландырылған.

Оқушылардың арасында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатындағы патриоттық тәрбие беру өз деңгейінде жүргізілген.Сонымен қатар, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында біршама жұмыстар жүргізіліп келеді.
Сынып жетекшілері бірлестік жұмысының белгілі бір тақырып бойынша шығармашылық жұмыстары бар «Жеке тұлғаның мүмкіндігін анықтаудауда тәрбие үрдісінің маңызы» тақырыбында баяндамалар, бірлестік жоспарында бекітілген, хаттама жазылған. Сынып жетекшілерінің әдістемелік жоспары құрылған отырыстарда, мәжілістерде, ата-аналар жиналсында «Сынып жетекшісі үшін оқушы ата-анасымен байланысу, жұмыс жүргізудің формалары», «Ата-аналармен жұмыстарды жандандыру», «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу», «Сынып жетекшілердің оқушылармен қарым қатынасы» тақырыптар бойынша баяндамалар оқылып жинақталған. «Патриоттық әндер» байқауы өткізіліп отырады. «Үздік сынып жетекші» байқауы мектепішілік ұйымдастырылып өткізіледі.
Каникул күндерінде отбасылық сайыстар, спорттық жарыстар, патриоттық әндер байқауы өткізілген.





2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік элективті курстар
№ Таңдау сабақтар Пән мұғалімдері

Сынып Сағат саны
1 Ғажайып математика әлемі Касымбекова А.Б. 1-сын. 1
2 Математика және логика Догдорхан А. 2-сын. 1
3 Қызықты математика Абирова Г.К. 3-сын. 1
4 Ғажайып математика Мырзағали Г.Ж. 4-сын. 1
5 Жаhандық құзіреттілік Сырайл Е.Б. 5-cын. 0,5
6 Жаhандық құзіреттілік Сырайл Е.Б. 6-сын. 0,5
7 Жаhандық құзіреттілік Ербекеева А.Б. 7-сын. 0,5
8 Жаhандық құзіреттілік Ербекеева А.Б. 8-сын. 0,5
9 Жаhандық құзіреттілік Сарымбаев Е.Д. 9-сын. 1
Барлығы 7 сағат

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 1193 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 2021 жылғы 4 наурыздағы №124 қаулысы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру пән мұғалімдері сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізді.

№ Пән мұғалімдері

Спорт түрі

Сағаты Оқушы саны
1 Карабалина Д.К. Тоғызқұмалақ 108 сағат 11
2 Сырайл Е.Б. Асық ату 36 сағат 27

Оқушылардың сабаққа қатысу журнал арналып, оған мектеп басшысы қолы қойылып, мөрленген. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына зерттеулер жүргізілген.
Мектеп бойынша қамқоршы тәрбиесінде - 0 оқушы, патронат тәрбиесінде - 0 оқушы ,тұл жетім -0, өзге ұлт-0 оқушы, қолайсыз -0 оқушы, үйде оқитын - 0 оқушы, көп балалы отбасында - 39 оқушы, әкесі қайтыс болған -0, анасы қайтыс болған – 1 оқушы, тек анасының тәрбиесінде -1 оқушы, аз қамтылған отбасында -0 оқушы, өгей әкемен бірге тұратын -0 оқушы, өгей анамен бірге тұратын – 0 оқушы білім алуда. Жалпы қазіргі уақытта мектеп бойынша бала саны - 68 оқушы. Сынып жектешілер, психолог және әлеуметтік педагогтармен бірлесе отырып көпбалалы, тек әкесімен, тек анасымен тәрбиеленіп жатқан оқушылардың тұрмыстық жағдайын тексеру, актілеу жұмысы жүргізілді. Сабаққа қатыспаған оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнатылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелет жасқа толмағандар мен жасалған бұзақылық, қылмыстық іс тіркелмеді. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында түңгі рейд кезекшілігі жұма, сенбі, жексенбі күндері жүргізіліп келеді. Каникул уақытында оқушылардың қауіпсіздік ережелері, ата-аналарға кеңес, жадынама мектептің фейсбук, инстаграм, ватсап чаттарына таратылады. Каникул кездерінде іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіліп, ұйымдастырылып келеді. Барлық шара отбасымен бірігіп өткізіледі, әлеуметтік желіге жарияланады.
Жалпыға міндетті білім беру заңын орындау мақсатында аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету үшін жыл ішінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты: көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту, жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Мектепте қамқоршылық ,қорғаншылық кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде, тоғыз адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің төрт отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша жартылай жетім 2 оқушы,қорғаншы қамқоршы есебінде 3 оқушы,көп балалы отбасынан 32 оқушы бар.
2022-2023 оқу жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен 18 оқушыға «Мейірімді жүрек» атты екі рет қайырымдылық акциясы аясында «Вираж» компаниясы керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді.. 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар) өткізілді. Оқушылардың денсаулығын нағайтуда аталған осы оқушылар жаттығуда. Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен екі рет «Жүрек жылуы» акциясы аясында бірнеше оқушыға оқу құралдары берілді. Жаңа жыл қарсаңында «Вираж» компаниясы алпыс сегіз оқушыға жаңа жылдық тәтті салынған сөмкелер берілді. Аудандық білім бөлімінің тарапынан алты оқушыға киім кешек берілді. Аудандық әкімшіліктің жаңа жыл мерекесі қарсаңында бір оқушыға куртка, тәтті салынған сөмке берілді. Наурыз айында Мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» акциясы аясында екі отбасына жиырма мың теңгеге азық түлік алып берді. Алдағы уақыттарда жұмыстар жалғасын таппақ.

Құқық бұзушылыққа бейім оқушы жоқ. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау бойынша диагностикалық мәліметтері сақталған. Мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, жиналыс барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, топтық төбелестердің алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылық, нашақорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, буллинг, кибербуллингтің алдын алу және балалар суицидтерін алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектеп инспекторы Г.Абировамен 8-9- сынып оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, топтық төбелестердің алдын алу тақырыбында бірлескен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-анамен жүргізілген жұмыстарда әрбір оқушының ата-анасымен байланыс дәптері жолға қойылған.Оқу жылы басталғалы 1 рет жалпы ата-аналар жиналысы өткізілген. Әр сыныптарда тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізіліуі туралы жоспар жасалған. Оқушылардың ынтасын, қабілетін зерттеу, (кәсіби) бағдар беру мақсатында әр оқушыға жеке-жеке жүргізілген жұмыстары жинақталған. 7-9-сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сыныптарда өзін-өзі басқару қызметі жолға қойылып, барлық сыныптарда сынып активтері сайланған. Сынып бұрышы әр сыныптарда қабырғаға ілінген.Ата-аналармен бірігіп мектепішілік «әкем, анам және мен» сайыстары өткізілген.

Сонымен қатар мектепке демеушілік танытып отырған «Вираж» компаниясына ұжым атынан алғыс хатпен марапаттады. Жиналыс соңында ата-аналар кеңесінің төрағасы болып Беккулова Меруерет сайланды. Ата-аналармен «Оқушылардың білім деңгейін көтерудегі ата-ананың ролі» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг жүргізілген, сауалнама арқылы қызығушылығы бар пәндер нақтыланып,оқушылардың қай бағытқа икемділігі анықталған. «Отбасы күніне» орай мектепішілік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: 10 қыркүйек күні 1-9- сынып оқушыларына арналған «Бір ел- бір кітап» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.10-13 қыркүйек күндері мектепішілік «Менің бақытты отбасым» атты онлайн бейнеролик ұйымдастырылды. Кітапханашы Г.Мырзағали кітапханасында оқушылардың мәнерлеп оқуға құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Бір ел – бір кітап” тақырыбындағы кітапханаға саяхатқа қатысты. 1- сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға 1 сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімдеу, психологтың ата - аналарға кеңесі, жолда жүру ережесі, ішкі тәртіп, ата-ана комитетін сайлау және т.б мәселелер айтылды.
1 сынып жетекшілері қатысты. Ата-аналар мен оқушылардың өтініштері тіркеліп, әдістемелік-ақпараттық жұмыстар, 9-сыныпта «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында әңгімелесу, «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» атты ата-аналар жиналысы, мектеп психологының ұйымдастыруымен «Мен келешекте кім болам?» атты кеш жүргізілген. 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бағдарлы оқыту және бағдарлы даярлық дегеніміз не?» тақырыбында жиналысы өткен. «Бала болашағын бүгіннен ойлайық» атты пікірлесу отырысы өткізілген. «Бағдарлы оқытудың жеке тұлғаны дамытудағы маңызы» атты аудан мектептерінің бағдарлы оқытуды ұйымдастырушыларының семинар-практикумы өткізілген.
«Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Біз жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз» атты 1-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес оқушылар марапатталды.
5-7 сыныптар бойынша «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында өткізілген тәрбиелік шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның біздің мемлекетіміздің әлеуметтік дамуын тежейтіні түсіндірілді.
8-9- сыныптар бойынша «Мамандық таңдау-ертеңді ойлау» тақырыптары аясында онлайн сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылардың жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар ала отырып, өзін-өзі тану аумағын кеңейтіп, терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа бейімделу қажеттіліктері түсіндірілді.
«Есірткі жайлы шындық» тақырыбындағы бейнеролигін мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға таныстырып, есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 2022-2023 оқу жылы бойынша оқушыларға нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың жоспары жасалып, бекітілді.
Тәрбие жұмыстары
Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан.
Бала тәрбиесі — өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Ойлап қарасақ, тәрбие баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанға дейін тәні мен жанына төрт – бес арнамен құйылады.

1.Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру. Мемлекет басшысының «олашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде.
Білім күніне орай «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізіліп, барлығы 100 адам шараға қатынасты. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары әр сыныпта жоғары деңгейде өткізілді.
«Қауіпсіз мектеп» Республикалық акциясы, «Абайлаңыз, балақай!» Жол ережесін есіңе сақта! онкүндігі іс-шарасы бекітіліп, жүзеге асырылды.
2022-2023 оқу жылында ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірмелерге мектептегі аз қамтылған отбасы балалары да тартылды.
Құқық айлығы қазан-қараша айында ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу іс-шаралары өткізілді. Кезекшілік кестесіне сәйкес көшелерде, компьютерлік клубтарға, кафелерге рейд жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің онкүндік жоспарының мақсаты: ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Қ.Р тәуелсіздігінің 32 жылдық мерекесін өткізу арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, оқушыларды ұлтжандылыққа елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қараша айында барлық сыныптарда ҚР Президенті күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары оздырылды, сонымен қатар 9 - сыныппен «Кемеңгер елдің көреген басшысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына барлық оқушы қатынасты. Тәрбие сағаты мемлекеттік гимнмен басталды. Тәрбие сағатында Елбасының өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, атқарған қызметі туралы оқушылар толық мәлімет жинап келген.

Ұсыныс: Сынып жетекші оқушылардың қызығушылығын арттыру бағытын-да тәрбие сағатына жаңа технология элементтерін қолдану.
Желтоқсан айында «Мен бақытты ұланмын» тақырыбында мектепішілік «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынды мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздар,тәжірибелі мұғалімдер ұйымға жаңадан қабылданған оқушыларға галстук пен төсбелгіні тақты.
Ұйым мүшелері анттарын айтып, ережелерімен таныстырып, гимнін айтып ұйымға қабылданды. Салтанатты жиынға «Жас ұлан» ұйымы мүшелері өз флешмобтарын тарту етті.
Ақпан айында «Мұқағали-Хантәңірінің мұзбалағы» ертеңгілік ұйымдастырылды. «Жастығын жалын шарпыған!» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу сағаты өткізілді.

Қорытынды: Жоспар бойынша барлық шаралар жүйелі түрде, жоғары деңгейде өткізілді.
Ұсыныс: Келесі оқу жылында аудандық әскери-патриоттық сайыстарға белсенді қатынасу арқылы, нәтижеге жету.
2.Рухани-адамгершілік және жыныстық қолсұғушылықтың алдын-алу тәрбиесі
Мақсаты: Рухани ойлау дәрежесі биік, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Қыркүйек айында Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша оқу жылының басында «Мектепке жол» қамқорлық акциясы жоғары деңгейде өткізіліп, акция барысында азқамтылған отбасы балалары және толық емес балалар тізімге алынбады. «Отбасы-бақыт мекені» отбасы күніне орай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Қазан айында «Қарттарымыз -асыл қазынам» 1-қазан –Халықаралық қарттар күніне ардагер ұстаздармен кездесу сағаты өткізілді. «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Шара өте әсерлі өтті.
Оқу жылы басталғаннан бері қыздар және ұлдар белсенді жұмыс жасап, рухани бағытта көптеген шаралар өткізіліп, «Қыздар арасында» тақырыбындағы ток шоу өте жоғары деңгейде оздырылды. Сондай-ақ аулдық амбулаторияның акушер-гинеколог маманының қатысуымен ерте жастан жүктіліктің алдын алу бойынша кездесу сағаты ұйымдастырылды.

Қорытынды: рухани-адамгершілік бағыттағы шаралар жоспарға сай өткізіліп, тәрбие сағаттары мен шаралар барысында оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасуға ықпал етілді.

Ұсыныс: Рухани –адамгершілік бағытындағы шаралар санын арттыру.
3.Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын құндылықтардың үйлесімді дамып, көркейіп, бүгіні мен келешегіне қызмет етуге тәрбиелеу.
Қыркүйек айында эстетикалық тәрбие мен ұлттық тәрбиені ұштастыру мақсатында «Ұлттық құндылықтар-мәңгілік мұра» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Қазан айында «Қарттарымыз-саялы орман» атты ардагер ұстазбен кездесу сағаты өткізілді. Қараша айында «Отбасындағы жағымды атмосфера, отбасылық құндылықтар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Наурыз айында «Наурыз-жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырылып, «Қазақ аруы-2023» сайысы өткізілді. Мамыр айында отбасылық «Толағай» сайысы
1-4, 5-8, 9- сыныптар арасында ұйымдастырылды.

Қорытынды: Ұлттық тәрбие бағыты бойынша жоспарға сай шаралар жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпыадам-заттық қасиеттер қалыптасты.
Ұсыныс: Ұлттық тәрбие бағытында аудандық деңгейдегі сайыстарға қатынасып, нәтижеге жету. Сыныптарының осы бағыттағы жұмысын күшейту.
4.Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: Отбасы дәстүрін сақтай білуге, ата-анасын, үлкенді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Отбасы тәрбиесі бойынша алдымен оқушылардың отбасыларын зерттеу жұмысы жүргізіліп, сыныптың әлеуметтік портреті жасақталып, тұрмыс жағдайын анықтау мақсатында оқушылардың үйлеріне рейд жүргізілді.
Мектеп психологы оқу жылының басында «Отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынас сипатын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіп, нәтижесін қорытындылады. Мектебімізде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдау, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында жоспары жасақталып, іс-шаралар өткізілді. Онкүндік «Балалар үшін біргеміз!» атты жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста мектеп пен отбасы ынтымақтастығы, діни-теріс ағымдар, балалар қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық секілді өзекті мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, арнайы органдардан мамандар келіп қатысты. Бала қауіпсіздігін қорғау мақсатында жиналыс кезінде оқушылардың сөмкелері мен сыртқы киімдеріне жарық шағылыстырғыш лента немесе фликерлер қондыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар отбасы күніне орай барлық сыныпта «Мен және менің сүйікті отбасым» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарына ата-аналар келіп қатысты. Бастауыш сынып оқушылары отбасының фотосуреттерін дайындап әкелді. Оқушылар өз жұмыстарын қорғады.
Сондай-ақ мектепте «Мектеп, ата-ана, оқушы» үштігінің жұмысы басшылыққа алынды, «Суицид-тығырықтан шығар жол емес» атты ақыл-кеңес беру сағаты, «Бағытымыз-айқын, жолымыз-ашық» атты апталық пен «Жасыл шырша» мерекесі, «Ата-Заңым-айбыным» мерекелік кеш, Мен алғыс айта білемін! «Аналарға мың алғыс» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары өз деңгейінде жүргізіле отырып, оқушылардың бойына ерекше құндылықтарды дарыта білді.

Қорытынды: Отбасы тәрбиесіне байланысты жоспарға сай ата-ана-аналар жиналыстары, шаралар, өз деңгейінде өтті
Ұсыныс: Болашақта да ата-аналармен жұмысты белсендіру.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Оқушыларды адам және табиғат бойындағы сұлулықты сезіне білуге, туған өлкесіне, өз туған жерін сүюге, ел байлығын қорғай білуге тәрбиелеу
Еңбек және экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша
1-9-сыныптарда «Еңбекке тәрбиелеу-ата-ана міндеті» атты тәрбие сағаттары, «Мен бизнеске қалай келдім?» атты қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізілсе, еңбек ардагерлерінің еңбек жолын насихаттау жұмыстары жүргізілді. «Табиғатты аялау-өз қолымызда» тақырыбында экологиялық сенбіліктер өткізілді. «Жасыл желек» мектепішілік челленджі өткізілді. Сондай-ақ «Алтын күз» апталығы «Қолөнер» байқауы, «Суреттер» байқауы, «Алтын күз» кеші жоғары деңгейде өткізілді. Ұстаз және оқушы біріге отырып, мектепішілік «Екі жұлдыз» байқауы ұйымдастырылды.
1-4 сынып оқушыларының барлығы экологиялық мұражайға саяхат жасады.
Мектеп әкімшілігі тарапынан мектептерде технология пәнінің талапқа сай жүргізілуі, әсіресе, технология сабағында оқушылардың пайдалы істермен айналысуларына мүмкіндік жасауға көп көңіл бөлінеді.
Қыркүйек айында «Тал ек, гүл ек, туған жерді түрлет» атты акция өтті. Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын, экологиялық дамуын қалыптастыру мақсатында ай сайын мектеп айналасында тазалық жұмыстары, яғни сенбіліктер өткізілді. «Сүйікті мектебімізді әсемдейміз» ұранымен сынып бөлмелеріне гүлдер қойылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Наурыз айында «Қазақстан Экологиясы бүгін және болашақта» тақырыбында пікірсайыс турнирі өткізілді. Оқушыларға табиғатты қорғай білуге, қамқорлық жасауға бағытталған бейнежазбалар көрсетілді. Оқушылармен пікірлесу сағаттары ұйымдастырылды.

Қорытынды: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша барлық шаралар өз деңгейінде өтті.

Оңды шешілген мәселелер: Еңбек және экологиялық тәрбие бойынша оқушыларымыз көрмелерден қалалық деңгейде, облыс, республикалық деңгейінде жетістіктерге жетті.

Ұсыныс: Болашақта экономикалық тәрбие бағытының жұмысын жандандыру.

6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру. Жасөспірімдерді салт-дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға бейімдеу, Отансүйгіштікке, мәдениеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Интеллектуальді мәдениетті дамыту мақсатында мектепте дарынды оқушылары анықталып, арнайы жұмыс жоспары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Мектеп оқушылары аймақтық, халықаралық байқаулар: «Кенгуру», «Ак бота», «Пони» т.б. байқауларға қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. Мектеп шәкірттері оқушы зияткерлігін анықтайтын түрлі интеллектуалды байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін көшбасшылық қасиетін және дарындылығын, сондай -ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру мақсатында қазан айында «Ақбота», «Алтын сақа» зияткерлік ойыны бастауыш сынып оқушылары арасында сайыс өз дәрежесінде өтті. Аудандық байқауларға 7-9- сынып оқушылары арасында ,1-4 сыныптар, 5-9- сыныптар арасында Мұқағали оқуы, сахналау, Абайдың қара сөздері негізінде «Толық адам, ол кім?» тақырыбында іс-шара, мектеп кітапханашысы жоспарға сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы мен сынып жетекшілер біріге отырып іс шаралар өткізілді. Дара тұлғалардың жұмыстарын насихаттау барысында кітап көрмелері ұйымдастырылып өткізілді.
Қорытынды: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша барлық шаралар жоспарлы түрде жүргізілді.
7.Салауатты өмір салты бағыты
Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында денсаулық күніне орай «Денсаулық-2023» фестивалі «Дұрыс тамақтан! Спортпен айналыс!» ұранымен өткізілді. Фестивальге мектеп оқушылары қатысып, мектеп медбикесі дұрыс сапалы тамақтанудың адам ағзасына пайдасы туралы түсінік берді. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын ұстанудың бір жолы оқушыларды қызығушылықтарына қарай іс шара жұмыстарына тартылды. 1-9- сыныптар арасында «Салауатты өмір салты» атты тәрбие сағаттары мен президенттік сынамалар өтілді. «Халықаралық темекіден бас тарту» тақырыбында 2-9- сынып оқушыларына сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. «Салауатты-өмір салтын насихаттау» тақырыбында онкүндік өткізілді. Дене шынықтыру пән мұғалімдері «Толағай» ұлттық ойындардан үлгілі сабақтар ұйымдастырып өткізді. «Бала қауіпсіздігі – өмір қауіпсіздігі» тақырыбы аясында мектепішілік екі мәрте дабылқағу іс шарасы өткізілді. Оқушыларға қауіпсіздік туралы толық мәлімет берілді.
Қорытынды: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағытындағы шаралар өз дәрежесінде өтті.
8.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениет-ті орта құру.
Эстетикалық тәрбие беру мақсатында 1-9- сынып оқушыларына тақырыптық тәрбие сағаттары өткізіліп, мектеп формасының сақталуы, оқушылардың талғаммен киінуі басты назарда ұсталынады. Мектепте «Әлемдік мәдениет-кітапта», «Букроссинг» кітап оқу шарасы өткізілді. Қорытындысында үздік оқырмандар анықталып, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар атақты ауыл азаматтарымен кездесу, «Әдеп әлемі» тақырыбында қыз балалармен әңгіме өткізілді. Мамыр айында «Жалпы қазақ өнері» атты сурет, сәулет, ән-би, күйден іс-шара ұйымдастырылып өтілді. Көркем еңбек пән мұғалімі «Қол өнер шебері» бұйымдар жасау, «Бояулар сыры» суреттер салу байқауын ұйымдастырып, өткізді. Жеңімпаздар марапатталды. «Алтын күз» мерекесі қарсаңында оқушылар түрлі бұйымдар жасап, байқауда өз жұмыстарын қорғады. Әр тоқсан сайын мектепішілік қыздар және ұлдар жиналысы жүргізіліп отырды. Мектеп психологі Г.Тасанова үнемі оқушылармен байланыс жасап, кеңес беріп отырды. Әр дүйсенді күні тазалық күні ұйымдастырылып отырды.
Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырмасына сәйкес жаңа тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді.
Наурыз – күн күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың алғашқы күні, ол көптеген түркі мәдениеттерінде 21 наурызда, көктемгі күн мен түн теңелген күні басталады.
Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі көптеген халықта ежелден сақталып қалған әрі бүгінгі заманда да мәдени-тарихи маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырта отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтатын халықтық мереке.
Қазақстан Республикасында көктемгі күн мен түннің теңелген сәті – Наурыз мейрамын атап өту 1991 жылдан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен қайта қалпына келтірілді.
2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес Наурыз мейрамы еліміздегі мемлекеттік мерекелер тізбесіне енгізілді, 2009 жылдан бастап осы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес наурыз айының 21-23 аралығында атап өтіле бастады.
2016 жылы Қазақстан мен басқа да түркі елдері бірлесіп ұсынған «Наурыз. Мерекелік дәстүр» трансұлттық номинациясы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізілді.
Наурыз мейрамын тойлаудың басты мақсаты - қоғамды біріктіру, қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен мәдени ерекшелігін сақтау және насихаттау үшін жағдайлар жасау.

Міндеттері:
қазіргі жағдайда қазақ халқының әдет-ғұрыптарын жаңғырту, кеңінен насихаттау, қазақ тілін дамыту;
азаматтық қоғамдағы достық пен сенімді нығайту;
отбасы институттарын, әлеуметтік серіктестікті, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;
экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық бастаманы дамыту.

Наурыз - жалпыұлттық бірлік мерекесі
Наурыз мейрамының инклюзивтілік идеологиясы – бұл басқа этнос өкілдерін қазақтың әдет-ғұрыпғ дәстүрлерімен таныстырудың жарқын әрі оңтайлы мүмкіндігі.
Осыған орай әр сыныпта «Қош келдің, Наурызым!» атты сынып сағаттары өтілді. 2023 жылы наурыздың 17-сі күні 4-сынып оқушыларымен және 6-сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаттары өтілді.
Наурыз – тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі
Мемлекет басшысы бұлақ көзін ашу, ағаш егу сынды ата-салтымыз Наурыздың келуін білдіретінін әрі жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы екенін атап өтті.
Бастаманы жүзеге асыру аясында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, алаңдарды және т.б. жерлерді тазарту дәстүрін енгізу ұсынылады. Осындай іс-шараларды мерекеге дайындық барысында белсенді түрде өткізу қарастырылады.
Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі
Волонтерлік, қайырымдылық және еріктілер ұйымдары арқылы «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясын бастау қажет.
Акцияның мақсаты – көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, жетім балаларға және жалғызілікті қарттарға қоғамдық қолдауды шоғырландыру.
Мұқтаж отбасылар арасында қайырымдылық жасау мақсатында «Жүрек жылуы» атты мектеп ұстаздарының тарапынан қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Жинақ азық-түлік көп балалы Сайбировтар және Адильхан отбасына берілді.
Наурыз – балалар үшін басты мереке
Отбасында, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында Наурыз мейрамын тойлағанда «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» (Lego, пазлдар, боямақтар және басқа ұлттық нақыштағы ойыншықтар) сыйлықтарын беру дәстүрін енгізу арқылы балалар аудиториясына баса назар аудару керек.
Осыған орай мектепалды даярлық тобының жетекшісі С.Оралбайкызының ұйымдастыруымен «Наурыз қоржын» мектепалды даярлық тобының оқушыларының жасаған жұмыстарынан көрмесі ұйымдастырылды.
Наурыз – үлкенді құрметтеу мерекесі
Жалпыұлттық мереке Қыдыр атаның келуімен, оның бата-тілегімен басталуы керек.
Наурыз-бата мереке күндерінде ерекше орын алады, ол кездесулер кезінде, туыстары мен достарына барғанда, Наурыз-көжеден дәм татқанда беріледі.
Біздің мектебімізде де осыған орай ауыл ақ сақалдылары мен асыл әжелеріміздің ақ басталарын алып, өскелең ұрпаққа айтар өсиеттерін тыңдау мақсатында «Наурыз шапағаты» атты іс-шара өткізілді.
Оқушыларды патриоттық тәрбие беруде білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу мақсатында, құндылықтар маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұнын, оқу мақсаттары және оқу жаттығуларын назарға ала отырып нәтижеге жету жұмыстары бойынша жоспар құрылды.
5-сыныптар арасында «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» /Тәрбие сағаты/; «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» /дөңгелек үстел/ 7-9-сыныптар; «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» /пікірталас/ 6-9--сыныптар; «Индустриаландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» /пікірлесу/ 9-сынып; «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» /тренинг/ 8-9-сыныптар; «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» /баяндама/; «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу» /бейнефильм/ 7-сынып; «Мәңгілік елдің ұрпағы – біздің болашағымыз» /тәрбие сағаты/. 3-сынып; «Мәңгілік елдің ұлттық құндылықтары» /тәрбие сағаты/ 4-сыныптар арасында жұмыстар атқарылуда.
Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімдерін ояту, Мемлекеттік тілді, ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын, олардың мағынасы мен әрбір азаматтың өміріндегі маңызын түсіндіруге, еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөліне ерекше назар аударуға қазақстандықтар санасында басты құндылықтарымыз болып табылатын тәуелсіздік, ынтымақ пен келісім ұғымдарын бекітуге, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталуы тиіс құндылықтар негізінде, Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылатын нәтижеге қол жеткізу барысында мектепте ҚР мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге бағытталған іс-шаралар жоспары түзіліп, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Білім алушыларға ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу. Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Құндылықтарды кеңінен насихаттауды негізге ала отырып, қоғамға ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешу барысындағы Қазақстанның жетістіктерін паш ету, құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің базалық принциптері туралы және біздің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшелігін білгізу нәтижесіне қол жеткізу барысында жоспар түзіліп, «Адал Ұрпақ» мектеп клубы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыс жоспары түзіліп, төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Құндылықтары: Қазақ ұлтына тән имандылық, үлкенді сыйлау, әдептілік, туған өлке, оның байлығын, онда мекендейтін ұлттарды құрметтеу ұлтжандылық, Отансүйгіштік.
Қол жеткізілетін нәтиже: Толеранттылық мәдениеті туралы біледі. Қазақтанда тұратын өзге халықтардың салт-дәстүр ерекшелітерін таниды, діни, мәдени дәстүрлерге баға берді.

Сабақтың мақсаты: «Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету».Осы мақсаттылыққа сүйене отырып барлық сыныптар тәрбие сағатын жүйелі түрде өткізіп,желілерге салды. Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік» тақырыпты басшылыққа ала отырып, бастауыш сыныптар арасында жекелей сыныптар бойынша тілек жолдады.Мектепішілік мереке ұйымдастырылып өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, ардагер ұстаздарға қошемет көрсету, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты нығайту.
Жекелей сыныптар бойынша бірінші тоқсан қорытындысы негізінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Қараша айында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаттары өткізілді.Үш тілділікке байланысты сөздік жарыс өткізілді.Тіл мерекесіне байланысты «Тіл құдыреті» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге, сақтауға үйрету.Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі. Оқушылар «Алтын күз» туралы ақпараттар бере отырып, коллаж байқауы өткізілді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, коллаждарын жолдады.Жеңілпаздар марпатталды. Мектепішілік «Берекелі, мерекелі, Алтын күз!» тақырыбында іс шара өткізілді. Жәрмеңке ұйымдастырылды. «Күз байлығы!» тақырыбында қол өнер байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар марапатталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мектеп директорының орынбасары Касымбекова Айжанның ұйымдастыруымен оқушылар арасында дөңгелек үстел, сурет байқауы өткізілді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.Осы тақырыпқа байланысты сыныптарда жекелей оқушылар мен сынып сағаттары өткізілді.Мектеп басшысының ұйымдастыруымен офлайн форматында ата-аналар комитеті және сынып жетекшілер мен жиналыс өткізілді. Мектеп әкімшілігі мектепішілік бұйрықпен және ата аналар бұрышымен таныстырды.
«Табиғатқа қамқорлық»
Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап, оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нұрға бөленген қандай ғанибет! Біздің түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.Тақырып бойынша офлайн форматында сурет байқау, жекелей сыныптарда тәрбие сағаттары іс-шара өткізілді. Құстарға қамқорлық жасау барысында бастауыш сынып ұстаздары мен оқушылары құстарға ұя жасап, мектеп ауласына іліп қойды. «Экология ел амандығы» тақырыпқа байланысты оқушыларға бейнежазба көрсете отырып, табиғатты қорғауға белсене ат салысуға, экология бағытына байланысты тұжырымдама негізінде жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді.Жұмыстардың нәтижесі шығарылды.
"Көзіңді қалдыр- бұлақ көзін аша жүр, ізіңді- қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр- бақша өсіріп жаса нұр". Осы бойынша қыркүйек, сәуір айында ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Тәуелсіздіктің 32 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік тірегім», «Отаным- алтын бесігім» тақырыбында мектепшілік іс-шара өткізілді.Сынып сағаттары, оқушылар тақырыпқа байланысты сурет салды, мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды.
«Интернетсіз бір күнім»тақырыбына байланысты бес-тоғыз сыныптар арасында офлайн форматта әңгіме жүргізе отырып, сурет салу іс-шарасы, мектеп психолгынің тренигі өткізілді.
«Отбасы- бақыт мекенім»
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Қайрат негізгі орта мектебі» КММ бойынша «Түнгі рейд» жүргізілді.
Жасөспірімдермен жасалатын қылмыстың алдын алу масатында ұйымдастырылған бұл шара жыл басынан бері 16 рет өткізіліп отыр. Түнгі 22.00-ден кейін ата-анасының рұқсатынсыз қоғамдық ойын-сауық орындарында кәмелет жасына толмағандар болмауы керек. Сондықтан да мұндай рейдтер ұдайы өткізіледі. Түнгі рейдті мектеп инспекоры Абирова Г. Мектеп психологы Тасанова Г. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Касымбекова А. және сынып жетекші Ербекеева А. жүргізді. Рейд барысында ешқандай құқық бұзушылық байқалған жоқ, бөгде ауылдан келген балалар байқалған жоқ. Оқушылардың барлығы үйлерінде болды. Жыл ішінде аудандық есепке алынған оқушылар жоқ. Хиджаб киетін оқушылар жоқ. Суицидтік жағдайлар орын алған жоқ. Жол көлік оқиғалары тіркелген жоқ.
«8-наурыз -Халықаралық әйелдер» мерекесіне орай өтілген іс шаралар.

«Анама арнаймын» және «Анама хат» тақырыптары бойынша мектепішілік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілді. Осы бойынша әр сыныпта жекелей тәрбие сағаттары өтілді.
4-сыныпта «Аяулы арулар мен ардақты аналар» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты әндерін шырқап, тақпақтарын айтты. Қыздарға тақпақтарын айта отырып,сыйлықтарын берді.
3-сыныпта «Арулар асыл жандар,шуақ боп шашылғандар» тақырында тәрбие сағаты өтілді. Сынып оқушылары аналар мен қыздарға арнап әндерін шырқады. Тілектерін айтты. Ашықхат жасап, ішіне аналарына арнап тілектерін жазды.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқитын ұлдар қолдарынан гүл жасап, ішіне тілек жазып барлық қыздарға сыйлады. Мерекеге орай қабырға газеттері жасалып, дәлізге қыстырылып, безендірілді.
Қашықтықтан білім алып жатқан оқушылар арнайы бейнежазба тілектерін айтып, видеожазба әзірледі. Арнайы желілерге салынды. «Анама хат» тақырыбы барысында 8-9-сынып білім алушылары онлайн желісі арқылы хат жазып, аналарына жолдады. «Анама арнаймын» тақырыбы бойынша өлең шумақтарын айтты.
Жүргізілген жұмыстар желілерге салынды.
Су қауіпсіздігі. «Су қауіпсіздігі» жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп парламенті Шаймурат Бекзат сынып оқушыларымен жиналыс барысында ұйым мүшелерінің жаңа құрамын сайлау, мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Ұйым мүшелері өткен оқу жылындағы ұйым мүшелерінің құрамы сақталды. Мектеп парламенті Шаймурат Б, көмекшілері: Сакен А, Сарбас Т. Хатшы: Биболсин А болып сайланды. Мектеп оқушылары бір ауыздан келісті. Биылғы оқу жылындағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.
Меткеп парламенті Шаймурат Бекзат мен МДТІЖО А.Касымбекова 7-9-сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында пікірлесу сағатын өткізді. Мақсаты: «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Жеңіл жолмен ақша табуға әуестенбеу. Оның жазасының қаншалықты ауыр екенгізіг түсіндіру. Адалдыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.» осы мақсатылықты басшылаққа ала отырып оқушылармен ватсап желісі арқылы слайд көрсете отырып, пікірлесу сағатын МДТІЖО А.Касымбековамен біріге отырып өткізді. Оқушыларға толық түсіндіріп өтті. Оқушылар өз ойларын айта отырып, бір бірімен пікір алмасты. Слайд бойынша мысалдар келтіре отырып, телеарнадан көрген ақпараттарымен бөлісті. Сыбайлас жемқорлықтың соңы неге апарып соқтыратыны туралы да МДТІЖО А.Касымбекова тілге тиек етті. Оқушылар тақырыпқа байланысты суреттер салып, суреттері бойынша өз ойларымен бөлісті. Біздің мектепте әлімжеттік көрсету, жасау, бопсалау сияқті фактылар тіркелемегені туралы айтты. Пікірлесу соңында оқушылары мектеп парламентіне үлгілі болуға сөз берді.
Мектепішілік 16- желтоқсан «Тәуелсіздікке 32 жыл» мерекесі қарсаңында 15 -желтоқсан күні 2-сынып оқушыларын «Жас Қыран» балалар мен жасөстірімдер ұйымына қабылдау салатанатты жиыны өтті. Мектеп директоры Н.Сарымбаева мен мектеп парламенті Шаймурат Б оқушыларды құттықтады. Оқушылар бір ауыздан ант қабылдады. Қабылданған 4 оқушыларға мектеп директоры Н.Сарымбаева мен мектеп парламенті Шаймурат Б, МДТІЖО А.Касымбекова төсбелгі мен галстук тағып, тілектерін айтты. Оқушылар «Жас Қыран» ұйымна АНТ қабылдау арқылы қабылданды. Оқушыларға қандай жауапкершіліктер жүктелгенін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Касымбекова айтып өтті. Оқушылар жауапкершілікті сақтап жүретіндеріне сенім білдірді.
Мектепішілік 7 - мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында
6-мамыр күні 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөстірімдер ұйымына қабылдау салатанатты жиыны өтті. Мектеп директоры Н.Сарымбаева мен мектеп парламенті Шаймурат Бекзат оқушыларды құттықтады. Оқушылар бір ауыздан ант қабылдады. Қабылданған 7 оқушыларға мектеп директоры Н.Сарымбаева мен мектеп парламенті Шаймурат Бекзат, МДТІЖО А.Касымбекова төсбелгі мен галстук тағып, тілектерін айтты. Оқушылар «Жас Ұлан» ұйымна АНТ қабылдау арқылы қабылданды. Оқушалар өз ризашылықтарын білдірді. Оқушыларға қандай жауапкершіліктер жүктелгенін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Касымбекова айтып өтті. Оқушылар жауапкершілікті сақтап жүретіндеріне сенім білдірді.
Мектепшілік 1-мамыр Ұлттар достастығы, 7-мамыр Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр Жеңіс күні мерекелеріне байланысты сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
22-мамыр күні тұжырымдама негізінде жеке сыныптарда ата аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде: жазғы мектепті ұйымдастыру
Оқушылардың қауіпсіздігі туралы хабарлама жасалды.
«Кәмелетке толмағандардың өз өзіне қол жұмсау» тақырыбы бойынша оқушылар арасында әңгіме жүрзізілді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепішілік іс шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ: «Кәмелетке толмағандардың құқығын қалай қорғаймыз» 7-9- сынып оқушылармен қараша айында офлайн әңгіме жүргізілді. «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты – міндет» тақырыбында вастап желісі арқылы желтоқсан айында оқушыларға слайд жіберіліп, оқушылар мен 5-9- сынып жетекшілер болын пікірлесу сағаты өтілді. «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбы бойынша МДТІЖО жалпы 40-ті оқушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Ақша бопсалау мәселесі туралы ата аналар мен оқушылар тарапынан хабарлама тіркелмеді. Жоспарға сәйкес ата аналар бұрышына мекепішілік «Ақша жинамау туралы» бұйрық шығарылып,ілінген. Сол бойынша сынып жетекшілер ата аналар жиналысында үнемі айтып отырады. Мекепішілік оқушылар жиналыстарында да айтылып отырады. Мектеп басшысы Н.Сарымбаева мен МДТІЖО А.Касымбекова оқушыларға осы тақырыпта жиналыс ұйымдастырып өткізді. Оқушылармен жоспар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, суреттер байқауы ұйымдастырылып отыр.

«Көне фото суреттер сыр шертеді» жобаға қатысқан оқушы саны: 60
Осының ішінде Коллаж жасаған:28
Эссе жазған:21
Видео әзірлеген:5
Іс-шаралар Қатысқандар Желілер Қаралымдар
«Көне фото суреттер сыр шертеді» Мұғалімдер: 4
Оқушылар : 60 Instagram -32
Facebook-32 120
89
«Көне фото тарихы»
Мұғалімдер: 4
Оқушылар : 60 Instagram -14
Facebook-14 105
92
«Балалық шаққа саяхат» Мұғалімдер: 9
Оқушылар : 24 Instagram -8
Facebook -8 122
103
«Көненің көзі,тарихтың кені» эссе Мұғалімдер: 4
Оқушылар : 32 Instagram-28
Facebook -28 135
94

3-9 сынып оқушылары және ұстаздарымен «Көне фото суреттер сыр шертеді» тақырыбында мектеп басшысы Н.Сарымбаева мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Касымбековамен бірлесе отырып жоспарлы түрде іс-шаралар zoom желісі арқылы ұйымдастырылды.
3-4-сынып оқушыларына бейне материал көрсетілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салды. Эссе жазып, суреттерінен коллаж жасады. 5-9-сыныптар арасында видео көрсетіліп, оқушылармен әңгіме жүргізілді. «Көненің көзі, тарихтың кені» тақырыбында эссе жазылды.Тарихи құндылықты бойына сіңіре отырып, білім алушылардың ойлау қабілеттері артты.
Әр үлкен үзілісте оқушылар үш тілділікте және логикалық тапсырмалар орындайды.
Сонымен бірге спорттық ойындар да ойнатылады. Оқушылар тапсырмаларды қызыға да,
шапшаң орындауға тырысады. Әр баланың жүзінен күлкі,көтеріңкі көңіл күй кетпесін.
PADLET пратформасы арқылы тренері және ШЖМ басшылармен үнемі тығыз байланыс орнатудамыз. Жоба аясында тақырыпқа байланысты zoom платформасы арқылы жұмыстар атқарылып, желіде талқыланып отыр.
Нәтижесінде:
Көне суретпен сыр шерту арқылы оқушылар өздеріне үлкен құнды, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып мәнді сабақ алды. Тарихи құндылықты бойына сіңіре отырып, білім алушылардың ойлау қабілеттері артты. «Ескерткіш тозса да, естелік тозбайды» деген осы тарихты біле отырып, болашаққа от болып жаңғырып қадам басады. Оқушылардың жобаға сәйкес жұмыстарданды қызығушылықпен орындады.

№ Оқу жылы бойынша Мектептегі оқушы саны Мектепішілік есепте тұратын оқушы саны ІІБ есепте тұратын тәртіп бұзуға бейім оқушы саны
1 2022-2023 68 0 0


Суицидтік әрекеттердің саны
Оқу жылы бойынша Барлық қаза болған балалар Аяқталған суицид Суицидке ұмтылған (бала саны)
2022-2023 0 0 0


Оқу жылы бойынша Мектептегі оқушы саны Мектепішілік есепте тұратын оқушы КТІЖБ есебінде тұратын оқушы
2022-2023 68 0 0

Орамал (хиджап) тағатын оқушылар саны
Оқу жылы бойынша Мектептегі оқушы саны Орамал (хиджап) тағатын оқушы
2022-2023 68 0




6) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсы
1-4-сыныптарда "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсын міндетті меңгеруқамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда "Дүниетану" оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады.
7) "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып жетекшілер сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асыруда.
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтау.
Біліктілік талаптарының сақталуын растайтын құжаттар жинақталған. Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелген) бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарлары әзірленген оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар 18 педагог оқытушы кадрлармен жасақталған.

Оқу жүктемесін жоспарлау,сабақ кестесі мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарына сай орындалған. Мектеп директоры бекіткен. Оқу жүктемесін бөлуде мұғалімдердің біліктілігінің сәйкестігі ескерілген. Педагог қызметкерлерді біліктілігіне сәйкес аттестаттау жұмыстары жүргізілген.Мұғалімдерді аттесттау жұмыстары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ербекеева Асельге жүктелген. Жоспарға сай өткізілген аттестаттау комиссиясының отырыстарының хаттамалары, ұсынылған мұғалімдердің аттестаттау парақтары толтырылған, бұйрық шыққан. Біліктілігіне орай куәліктері берілген.


Мектеп кітапханасында 2022-2023 оқу жылы бойынша
1. Кітап қоры – 2404 дана
2. Әдеби кітап қоры – 657 дана
3. Оқулықтар саны – 1710 дана
4. Электронды оқулықтар -37 дана
5. Қордың өсуі -316 дана
6. Келіп кетушілер саны-720
7. Оқырман саны-80
8. Оқу залы – 1
9. Оқу залындағы орындар саны – 6 стол, 12 орындық
10. Жалпы ауданы- 72 кв. м.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №91 бұйрығын негізге ала отырып, «Қайрат негізгі орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың тамыз айының № 42 бұйрығы бойынша 2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты білім алушыларды оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында 68 оқушыға оқулықтар таратылды. Оқулықтардың инвентарлық кітабына түсірілген, инвентарлық нөмірді оқулықтың 1 - бетіне (титульный лист) және 20- бетке жазып, кітапхана штампы басылған. «Оқулықтардың инвертарлық кітабына» тіркелді. Оқулықтар жиынтық есеп кітабына жазылған. Кітапхананың «Жылдық жоспары», «Оқырмандардың тіркеу кітабі», «Инвентарлық кітаптары» жасалынып, мектеп басшысының қолы мен мөрі қойылған. Мектеп кітапханасында «Ата заң халық тірегі», «Білімді ұрпақ ел болашағы», Тіл елімнің тірегі», «Ана тілім-дана тілім», «Ұстаздар ұлы ұғым», Ел рәміздері тәуелсіздік айғағы», «Менің тұңғыш президентім», «Өз құқығыңды білесің бе?», т.с.с. «Кітапхана ережесі» стенді ілулі тұр. Даталы күндерге байланысты «Абай Құнанбайұлының мерей тойы», «Мұқағали жыр алыбы», «Қазақстанның ғарышкерлері», «Ер есімі-ел есінде», «Тәуелсіз Қазақстан өсіп өне бер» тақырыптары бойынша стендтер қойылған. Оқушыларға қойылған талап: оқулықты жоғалтпау, таза ұстау, жыртпау, беттерін қайырмау, сызбау және қаптау. 2022-2023 оқу жылына жасалынған жылдық жоспар бойынша 30-тамыз –Конституция күніне оқушыларды еліміздің Ата Заңын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Конституция – тәуелсіздік тұғыры» кітап бұрышы мен көрме, 5-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай оқушыларды ана-тілін қадірлеу мақсатында «Туған тілім –бабам тілі,өз тілім» кітап көрмесі, Қазақтың тұңғыш ағартушы-ұстазы Ыбырай Алтынсариннің еңбектері туралы сөрелік көрме жасалынды. Кітапхана қызметкерлері штаттық негізінде жұмыс жасайды. Кітапханашы Мырзағали Гүлнұр, жоғары білімді, кітапханашылық еңбек өтілімі 2 жыл.

9. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі сақталған.
Бағалау кезеңіндегі оқу жылдарында қолданыстағы үлгілік оқу жоспарында көзделген апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемінен асыру жағдайлары орын алмаған.
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталған.
Білім алушылардың апталық сабақ кестесін жасауда үлгілік оқу жоспарында белгіленген оқу жүктемесін жалпы көлемі сақталған.


2022-2023 оқу жылында
2022-2023 оқу жылында «Қайрат негізгі орта мектебі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның және мектепішілік консилиумның шешімі мен 2022 жылдың 31 тамыздағы № 52 бұйрығына сәйкес 3 оқушы «Жалпы білім беру» бағдарламасымен білім алады.
Жеке оқу бағдарламалары ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес үлгілік оқу бағдарламалары және үлгілік оқу жоспарлары, әрбір оқу пәніне жасақталған.
№ Аты- жөні,тегі Туған, күні, айы Сыныбы Сынып жетекшісі Білім бағдарламасы
1 Әбек Аружан 23.08.2008 8-сынып Мухтарова Баян Мухтаровна Жалпы білім беру бағдарламасы
Инклюзивті білім алатын оқушылар тізімі:

Инклюзивті білім алушы оқушылармен мектебіміздің педагог-психологы арнайы түзете-дамыта оқыту сапасының артыра отырып жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында жұмыс жасауда. Мектеп кіре берісінде пандустар мен ұстап жүретін сүйемелдермен жабдықталған
2022-2023 оқу жылындағы «Қайрат негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдер мен байқауларға қатысу нәтижелері

№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Қатысқан іс-шара Нәтиже Жетекші
1 Рахимов Даниял Бағдатұлы 5 Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «Үркер» зияткерлік марафон диплом Касымбекова Айжан Биримтаевна
2 Ерғанат Азамат Қайратұлы 8 Аудандық пән олимпиадасы география пәні бойынша ІІІ диплом Тасанова Гульжазира Манкеевна
3 Баққалий Аймира Бақытқызы 2 «Үздік бастауыш сынып» олимпиадасы ІІ диплом Догдорхан Айжан
4 Нұржан Алибек 1 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Касымбекова Айжан Биримтаевна
4 Адилкасыл Нұрасыл 1 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Касымбекова Айжан Биримтаевна
5 Тасанова Аиша 1 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Касымбекова Айжан Биримтаевна
6 Сабыржанқызы Нұрай 1 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Касымбекова Айжан Биримтаевна
7 Әлікбай Инабат 1 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Касымбекова Айжан Биримтаевна
8 Абек Алина 4 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Мырзағали Гүлнұр Жамбылқызы
9 Нұрәліпұлы Айбұлан 4 «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы ІІ диплом Мырзағали Гүлнұр Жамбылқызы
10 Мұхаметкарим Айару 3 Алтын сақа Сертификат Абирова Гульвира Куандыковна
11 Абек Алина 4 Алтын сақа Сертификат Мырзағали Гүлнұр Жамбылқызы
12 Рахимов Даниял Бағдатұлы 5 Халықаралық «Кел, болашақ!» М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ән жыр өнер байқауының «Көркем сөз» жанры бойынша лауреат Диплом
бас жүлде Оралбайкызы Салтанат