Қайрат мектебі » Қайрат орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайрат негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2020

Қайрат мектебі

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 32 жыл толмақ. Осыған орай Қайрат негізгі орта мектебі КММ «Уақыт Сізді таңдады...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.Кездесуге ауылымыздың азаматы,Ауған соғысының ардагері Тасанов Алмас ағамыз келді. Мектебіміздің қонағы өмірінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.Оқушылар әскери борышын өтеген жауынгерлердің батырлығы мен ерліктері жайлы білді. Экранда соғыс хроникасының кадрлары көрсетіліп, сахнадан ауған жерінде шыққан өлеңдер естілді. Кездесуге қатысушылар Ауғанста және барлық жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске түсіріп құрметтеді.
Ардагерлерімізге рухани қажырлылықты, ерлік пен оптимизмді тілейміз!
Тарих пәнінің мұғалімі: Сарымбаев Е. Д.

Қайрат  мектебі